Спорт

“Құлагер” ХК елордалық “Астана” командасынан қос кездесуде де басым түсті

Қуаныш тек 10 минутқа ғана созылды. Қорғаныста жүрген айдын иелерінің өрескел қателігін ұтымды пайдаланған елордалық шабуылшы Данияр Хасенов таблодағы есепті теңестірді.

Осылайша қос команда 15 минуттық үзіліске тең есепте тарқасты.
Ал екенші периодта хоккейшілер қанша тырысқанымен бір-бірінің осал тұсын таба алмады. Жанкүйерлердің өкінішіне қарай ойынның бұл бөлігінде еш қақпаға гол соғылмады. Есесіне, үшінші периодта Иван Иванов пен Максим Волков елордалық қақпашы Сергей Силантьевті қапыда қалдырып, бір-бір шайбадан салды. Осылайша, құлагерліктер 3-1 есебімен жеңіске жетті.

Евгений Пашков – “Құлагер” ХК шабуылшысы:

– Бұл команда жас ойыншылардан жасақталған. Тәжірибелері мен шеберліктері аз. Сол себепті, бапкердің бұл ойынға қойған тапсырмасы – айдынға шығып қажетті ұпайларды қоржынға оңайлықпен салу болды. Қиындықпен болса да, біз міндетті 100 пайызға орындадық.

Кезекті жеңістен кейін жерлестеріміз турнирлік кестеде 71 ұпай жинап, 4-ші орынға көтерілді. Ал құлагерліктердің келесі ойыны қаңтардың 18-і мен 19-ы күндері өтеді. Онда петропавлдық ұжым сырт айдында павлодарлық “Ертіске” қарсы тұрмақ.

 

Риат Шони