МТРА жаңалықтары

Петропавлда жылу тарату құбыры істен шықты

– Советская көшесінде орын алған апат петропавлдық тұрғындар үшін өзінің залалын тигізді. Төтенше жағдай салдарынан жақын маңдағы 4 көп қабатты үйдің тұрғындары және облыстық балалар ауруханасы ыстық сусыз және жылусыз қалды. Сонымен қатар, шаһарда жол көлік қозғалысы шектелді.

Апат орын алған жерге бірден “Петропавл Жылу Жүйелері” серіктестігінің мамандары жетіпті. 2 бригадаға бөлінген 20 жуық қызметкерлер құбырды 1 жарым сағат ішінде жөндеген екен. Олар 35 метр су желісін жаңасына ауыстырыпты.

Игорь Рыбас – “Петропавл Жылу Жүйелері” ЖШС бас директоры:

– Диаметрі 320 мм болатын су желісі әбден ескіріпті. Мамандар дер кезінде тұрғындарға жылу берді. Әлі де апат орнында қайта калыпқа келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл істі қызметкерлер кешке дейін аяқтамақ. Кейін, Советская көшесі ашылады.

Айта кетейік, қазірга таңда Петропавлдағы жылу құбырларының 65,83 пайызы жаңасына ауыстыруды қажет етеді. Бұл жұмыстар қаламызда келер жылдан бастап жүзеге аспақ.

 

Култанов Байболат