Спорт

Петропавлда шағын футболдан ашық лиганың қорытынды кезеңі бастау алды

Владимир Фоленвейдер – «Сібір» командасының жаттықтырушысы:

– Бұл жарысқа тыңғылықты дайындалдық. Турнирдің үздік командасы «Динамо» – мен бақ таластырудамыз. Жалпы, бірінші таймда жақсы көрсеткішке жеттік. Жеңістен үмітіміз бар.

Екінші таймда сары түсті формадағы аяқдоп шеберлерінің күштері таусылғандай болды. Өйткені, қалған уақытта тек динамолықтар басымдық көрсетті.

Сонымен, қорытынды есеп 7-1, “Динамо” командасының пайдасына шешілді.

Евгений Кошкин – “Динамо” командасының ойыншысы:

– Өткен 2016 жылы біздің құрама Петропавлда өткен үш турнирде жеңімпаз атанды. Үлкен футбол, қала кубогі, сондай-ақ «Petro Cup» турнирлерінде үздік атандық. Әуесқой командалар арасында шағын футболдан көш бастап келеміз. Енді республикалық жарысқа жолдама алуды көздеп отырмыз.

Қазан айында бастау алған сайыста теңбіл допты құмартқан 24 әуесқой команда өзара бақ таластыруда. Осы уақыт аралығында 150-ден астам ойын өткізілген екен.

Абылайхан Қайроллаев – “Жас Отан” ЖҚ Петропавл қалалық бөлімінің жетекшісі:

– Ашық лигада командалар екі топқа бөлінді. Олардың бірі біріншілікте жеңіске жету, ал екінші топ – келесі жылғы жарысқа жолдама алу үшін бақ таластырмақ. Жалпы, «Петрофутбол» жобасы 2016 жылы республикалық ” Жастар-Отанға” байқауында үздік атанды.

Әуесқой командалар арасында шағын футболдан өтіп жатқан чемпионат 27-ші қаңтар күні өз мәресіне жетпек. Үздік атанған құрама Астана қаласында ұйымдастырылатын республикалық жарыста өңір намысын қорғайды.

 

Айсулу Сергали