МТРА жаңалықтары

Теріскейліктер құстар мен тиіндердің қыста қоректенуіне көмектесуде

Алтын Усеинова – зейнеткер:

– Мен күнде өзім секілді зейнеткерлердің саябаққа ұқыппен қарайтындығын көремін. Міне, мына жерге жем салатын астау орнатыпты. Бұнда біз күнде нанды үгітіп, бидай дәндерін саламыз. Тиіндар оны қуанышпен жеп алады.

Азықсыз құстар бірнеше сағаттан кейін өліп қалулары мүмкін. Суықта жылыну үшін қорек керек. Жем салатын астауларды тұрғындар әр түрлі қылып жасайды. Пластикалық бөтелкелер, ағаштан қамалдар мен киіз үй секілді оттықтарды әкеліп орнатады екен. Ол енді әр адамның қиялы мен шеберлігіне байланысты.

Иван Зубань – орнитолог:

– Біздің өңірде жазда құстардың 217-ге жуық түрі мекен етеді. Ал қыс мезгілінде оның 30-40 ғана қалады. Олардың арасында жау торғай, сауысқан, қарға, сары шымшық сындылары көптеп кездеседі. Қыс мезгілінде әркім не табады, соны жеп қоректенеді. Мәселен, адамдар далаға лақтырған қоқыстың арасынан азық табады. Немесе, ағаш діңгектеріндегі жәндіктерді жиді.

Айта кету қажет, құстар мен тиіндар табиғаттың тазалығына өзіндік пайдасын тигізеді. Олар ағашты бүлдіретін зиянды жәндіктерді жеп қоректенеді.

 

Риат Шони