МТРА жаңалықтары

“Жас Отан” ЖҚ белсенділері мүгедек жанның ауласын тазалап берді

Михаил Лазарев:

– Бізге жастар келіп көмектесіп жатқанына алғысымды білдіремін. Әйелім мүлде жүре алмайды. Өзімнің жағдайым мынау. Біз сияқты жандарға мұндай қарапайым нәрселердің өзін істеу қиынға соғады. Аптасына екі рет әлеуметтік қызметші келіп үйдің ішін тазартып береді. Біз ағашты дайын, жарулы күйнде сатып аламыз. Жастар келесі жылы өздері кесіп дайындап бермекші.

Ардагерлерге, қариялар мен мүгедек жандарға қолдан келгенше көмектесу – міндетіміз. Қысқы каникулымызды босқа өткізбей мұқтаж адамдарға қолғабыс еткеніміз дұрысырақ дейді жастар. Осындай ұстанымды ту еткен жасотандықтар қарияның ауласын тап-тұйнақтай етіп ақ ұлпадан тазартып берді.

Абылайхан Қайроллаев, “Жас Отан” ЖҚ Петропавл қалалық бөлімінің жетекшісі:

– Жатсра бос жүрмей қарттарға, ардагерлерге көмек береді. Мұндай шара қалада ғана емес өңір аудандарында да өтуде.

Михаил Семеновичтің үйіне қарайғы көшені адам өте алмайтын омбы қар басып қала беретін көрінеді. Бірақ, қарияның оны бір қолмен тазартуға шамасы жоқ. Бұл ретте жастар жиі келіп қардан тазартып тұрамыз деп уәделерін берді. Осылайша, биыл “Жас Отан” ЖҚ 30-ға жуық белсендісі қаладағы мұқтаж жандарға көмек көрсететін болады.

 

Акбопе Танирберген