МТРА жаңалықтары

Облыстық жедел-құтқару жасағының мамандары студенттерге дәріс сабағын өткізді

Бекасыл Әмірғали – Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенті:

– Мен өзім “Өрт сөндіруші” мамандығы бойынша оқимын. Құтқарушылар көрсеткен әдістер маған болашақта керек болады.

Облыстық жедел-құтқару жасағының мамандары Солтүстік Қазақстан педагогикалық колледжінің студенттерімен жиі кезедеседі екен. Олар білім ордасында жастарға апат кезінде құтқару шараларын түсіндіруді дәстүрге айналдырған.

Жеңіс Әбілмәжін – Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің директоры:

– Мұндай дәрістер біздің колледжде 2003-ші жылдан бері ұйымдастырылады. Қызметкерлер “Өрт қауіпсіздігі”, “Төтенше жағдайларда құтқару” сынды мамандықта оқитын жастарға өздерінің шеберліктерін көрсетеді. Осындай жиындардың, әрине, студенттерге берері мол.

Кейін, дәріс сабағы далада жалғасты. Бұл жерде құтқару жұмыстары кезінде қолданылатын арнайы құралдары жайғастырылыпты. Мамандар студенттерге жабдықтардың әрқайсысын жеке-жеке түсіндіріп берді.

Құтқарушылар мұндай жиындар арқылы жастар қауіпсіздік шараларын біліп, болашық мамандықтарымен жіті танысса дейді.

Алтынбек Нараш – СҚО ТЖД жедел-құтқару жасағы құтқару бөлімінің басшысы:

– Әр адамның өмірі өз қолында. Сондықтан кез-келген адам апаттық жағдайларға писхологиялық қана емес,физикалық тұрғыда да дайын болуы керек.

Жалпы, былтыр облыстық жедел-құтқару жасағының мамандары 354 рет апат орнына шығыпты. Қызметкерлер 189 адамды құтқарған екен. Оның 30-ы – бала.

 

Култанов Байболат