МТРА жаңалықтары

Облыстық пәндік олимпиаданың жүлдегерлері марапатталды

Ақжол Қайырбеков бұл олимпиадаға бірнеше жыл қатарынан физика пәнінен қатысып келеді. Нәтижесі де бар. Биыл ол тиісті 40 баллдың 36-сын жинап бірінші орынға қол жеткізді.

Ақжол Қайырбеков – Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының оқушысы:

– Былтыр дәл осы пәннен 2-ші орын алғанмын. Биыл дайындығым мен білімімнің арқасында жеңімпаз атандым.

Пәндік олипиаданың облыстық кезеңіне 568 оқушы қатысқан. Олардың 225-і жүлделі орынға ие болды. Ең үздік нәтижеге биыл тағы Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты қол жеткізген. Бұл білім ордасынан 53 оқушы алға суырылып жоғары жетістікке жетті. Ал қазақ-түрік лицейінен 37 ұл-қыз марапатқа ие болды. ЛОРД мектебі үздіктер арасында 3-тікті жалғады. Аудандардан есілдіктер жақсы нәтиже көрсеткен. Ал Жамбыл және М.Жұмабаев аудандарының оқушылары бұл олимпиаданың жүлдегерлер тізіміне мүлдем енбеген.

Шарғия Мукушева – «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» МКМ директоры:

– Жалпы барлық аудандардан қатысты. Дайындықтарының аз болғандығынан ба олар нәтиже көрсете алмады. Кейбіреуі ғана 2-3 орыыннан иеленген.

Жалпы, олимпиада гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы 15 пәннен өтті. Жүлделі 1-ші және 2-ші орынды иеленген оқушылар республикалық кезеңде өңір намысын қорғауға мүмкіншілік алды. Ол көктемде Алматы қаласында өтеді деп жоспарланған.

 

Айгерим Ержанова