Денсаулық сақтау

Қаңтар айының алғашқы аптасында ЖРВИ жұқтырған солтүстікқазақстандықтардың саны 630-ға жетіпті

Бұдан кейін тұмауға қарсы профилактикалық шара жасайды. Нақтырақ айтсақ, балалар мұрындарына оксолин майын жағады. Тәрбиешілердің айтуынша бұндай алдын алу амалдары өз пайдасын береді.

Евгения Кильгянкина – “Еркем-ай” бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі:

– Түрлі инфекциялық аурулардың алдын алу мақсатында біз жылына екі рет кешенді ағзаны шынықтыру жұмыстарын жүргіземіз. Бұл – көктем мен қыс мезгілдері. Және де аурулардың белең алған уақыттарында. Оған қоса ойын мен жатын бөлмеде сарымсақты турап табаққа салып қоямыз. Сонымен қатар, С дәрумені бар тағамдарды береміз. Бұл балалардың иммунитетін арттыра түседі.

Бүгінде балабақшада 2 мен 7 жас аралығындағы 280 бала тәрбеиеленуде. Күнде таңертең балабақшадағы балаларды дәрігер маман тексереді. Егер де біреуі тұмаулатып тұрса немесе дене қызуы көтерілсе бірден ата-анасын шақыртып үйіне жібереді.
Ал ақ халатты абзал жандардың айтуынша тұмау мен жедел респираторлық вирустық инфекциялардың маусымы желтоқсанның ортасына қарай басталыпты. Себебі, осы кезде дәрігерлерге жүгінушілердің саны артқан.

Копий Данько – облыстық балалар ауруханасының педиатр дәрігері:

– Желтоқсанның 30-ы мен қаңтардың 7-і аралығында дене қызуы көтерілген, жөтеліп жүрген 365 адам келді. Оның 68-ін ауруханаға жатқыздық. Бұл ретте айта кетейін дегенім, тұмаумен ауыру дене қызуы көтерілгеннен басталады. Оны тек 38,5 градус болғанда ғана түсіру керек. Балаңызда бірінші күні дене қызуы көтерілсе бірден емханаларға жүгірмей, үйде отырып учаскелік дәрігерді шақырту қажет. Сонымен қатар, антибиотиктерді беруге болмайды. Олар вирустық инфекциялардан құтылуға көмектеспейді.

Жалпы қаңтар айының алғашқы аптасында жедел респираторлық вирустық инфекцияны жұқтырған солтүстікқазақстандықтардың саны 630 болып отыр. Ал екінші аптада 1 мың 425 адам науқастанған. Оның 794-і – балалар.
Егер өткен жылдың қазан айынан бастап санасақ, бұл көрсеткіш 13 146-ға жеткен. 53 адам тұмау жұқтырған.

Риат Шони