МТРА жаңалықтары

Өңірге келген депутаттар облыс активімен кездесті

Депутаттардың теріскейге келген мақсаты бір – ол Парламент қабырғасында қабылданып жатқан заң жобаларын халыққа түсіндіру. Шикі тұстары болса, оны тұрғындар пікірін ескере отыра түзету. Елбасының тапсырмаларының орындалуын қадағалау.

Мәулен Әшімбаев- ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы:

– Экстремизм мен терроризмге қарсы күрес жөніндегі заң жобасы қабылданды. Оның 3 бағыты бар. Алғашқысы, терроризм мен экстремизм бойынша жасалған қандай да болмасын қылмыс үшін жаза қатайтылады. Қылмыстық Кодекске өзгертулер енгізілді. Осындай қылмысқа барған жандар үшін бас бостандығынан айыру мерзімі ұлғайтылды. Қазір заң террористерге көмектескендерге де жаза қарастырып отыр. Екінші бағыт, қару-жарақ саудасын бақылауға алу. Бұл да маңызды болып отыр.

Осы заңның үшінші бағыты – ішкі миграцияны реттеу. Ол үшін уақытша тіркеу қатысты норма енгізілді. Өкінішке орай, ол жаңашылдық халық арасында дұрыс түсіндірілмегендіктен бүгіндері бірқатар өңірлерде проблемалар туындаған. Бұл ретте облыс әкімі Ерік Сұлтанов тиісті жұмыстар жасалатындығын жеткізді.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі:

– Алдағы уақытта Ішкі істер органдары, Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен бірлесіп түсіндіру шараларын қолға алатын боламыз. Бұл жұмыс тиісті деңгейде орындалады. Бізде кей аймақтардағыдай аса қиындықтар туындамайды деп ойлаймын.

Мәжіліс депутаты – Сергей Звольский өзіне жақын ауыл шаруашылығы саласында қабылданып жатқан өзгерістер жайлы айтып өтті. Айталық, 2017 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап елімізде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасы қолға алынды. Ол 4 жылға шақталған. Тың жобаның қойып отырған талаптары да ауқымды.

Сергей Звольский- ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Біріншіден, ол ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру. Екіншіден, отындық өнімдерді көптеп саудаға шығару, тағы экспорттық әлеуетті жақсартып, өсімдік шаруашылығында өнімділікті арттыру мақсаты тұр. Біздер тағы балық шаруашылығын дамыту керекпіз. Мемлекет ұсынып отырған қаржылық қолдауды дұрыс пайдаланып, ауыл шаруашылығы өнеркәсібін жаңа деңгейге қою қажет.

Өңірде бір апта болып, бірқатар нысандарды аралаған депутаттар проблемаларға да тоқталды. Олар облыста шекарашылардың жетіспеушілігін айтып, кадр мәселесіне көңіл бөлу керектігін жеткізді. Тағы қорғаныс саласына арнап қондырғылар шығаратын «Петропавл ауыр машина зауыты» АҚ тапсырыстар көлемін ұлғайту қажеттігін айтты. Бұл мәселелерді депутаттар Астанаға барып, тиісті ведомства өкілдерімен де талқыламақ.

Магжан Ахмадина