Аптадағы маңызды жаңалықтар

Депутаттар Петропавл ауыр машина жасау зауытының жұмысымен танысты

Мұнда бас сұққан халық қалаулыларына кәсіпорынның мүмкіндіктері көрсетіліп, қолға алынған жаңа жобалар туралы айтылуда. Қазіргі кезде зауыт мұнай өндіру мен өңдеуге қажетті құралдар шығарады. Энергетика, жүк көтеру, темір жол саласының да тапсырыстарын орындайды.

Шығаратын өнімдері елімізде ғана емес, шет мемлекеттерде де зор сұранысқа ие. Бұған қарамастан, өндіріс барысында өзіндік ірілі ұсақты мәселелер кездесіп жатады.

Владимир Денисюк, «ПЗТМ» АҚ басшысының өндіріс бойынша орынбасары:

– Қазір кәсіпорында Атырау және Павлодар мұнай химия зауыттарының тапсырыстары дайындауда. Оларды жөндеу құралдары және арнайы техникамен қамтимыз. Сондай-ақ, мұнай химия зауыттарымен жылу алмастыру құрылғылары бойынша келісімшарт жасалуда. Жалпы, тапсырыстар 5-10 жылға жасалса көптік етпейді. Мәжілістегілер мен еліміздің өзге де билік органдары біздегі осы мәселені ескерсе екен.

Зауыт қызметкерлері кәсіпорынның мүмкіндіктері жоғары дейді. Оны пайдалана алса болғаны. Машинажасаушылардың өтінішін тыңдаған депутатар да, бұл пікірді қолайтындарын жеткізді.

Сергей Звольский, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:


–  Бүгін айтылған мәселелерді қарастырамыз. Арнайы жұмыс тобы жасақталатын болады. Біз бүгін мұндағыдардың жұмысқа деген құлшынысын көрдік. Бастысы осы. Әрқайсысы жұмыс жасаудың жаңа әдістерін іздестіруде. Зауыт дамып жатыр. Осы қарқынмен дұмыс жасай берсе, ешқандай да дағдарыс жағдайына қарамастан, елбасы қойған мақсат міндеттерді орындауға ат салысады деп сенемін.

2016 жылды қорытқанда, кәсіпорын жалпы құны 4 млрд теңгенің тауарын жасап шығарған. Ал, машина құрастырушылардың алдына қойған биылғы мақсат тіпті жоғары. Ол былтырғы көрсеткішті екі есе арттырып, 7 млрд теңгенің өнімін өндіру.

 

Акбопе Танирберген