МТРА жаңалықтары

Жарнама туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін

Архстрой” серіктестігінің директоры Константин Стихинді қаламыздағы көрнекі ақпараттардың сапасы алаңдатады. Оның айтуында жарнамалардың көбісі стандартқа сай емес. Жарнаманың сапасы дұрыс болу үшін мемлекеттің көмегі керек дейді. Ол ұсынысын Парламент депутаттары есепке алса деген ниетте.

Константин Стихин – “Архстрой” ЖШС директоры:

– Астана қаласына жиі барамыз. Міне, біз сол жерде стандартты үлгіде жасалған тамаша жарнамаларды көреміз. Ал, біздің өңірде бұл мәселе әлі де ақсап тұр. Оған әрине қаржы керек. Тағы, айтайын дегенім қате жазылған көрнек ақпараттар көбейіп кетті. Бұл мәселеге жаңа заң жобасына сай жіті қаралса жақсы болар еді.

Жалпы, Парламентте ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жарнамаға қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселе өткен жылдың қараша айынан бері қарауда. Халық қалаулыларының сөзінде бұл маңызды құжат 5 кодекспен 9 заңнан тұрмақ. Онда негізінен жарнама талаптарын қатаң сақтау мен тағы да басқа бірқатар жаңашылдықтар бар.

Петр Шарапаев – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Жаңа заң жобасында жарнаманың төлем құнын теңгемен бекіту мәселесі қаралған. Бұл қызмет қазір елімізде доллормен көрсетіліп жүр. Тағы, көшеге ілінген жарнамалардың уақытын 5 жылға дейін ұзартқымыз келеді. Әсіресе, бұл кәсіпкерлерге пайдалы. Өйткені, бүгінде олар өздерінің көрнек ақпараттарын жарнамаға тапсырыс беруші компаниямен жасалған келісімшарт бойынша небәрі 1 жыл ғана көшеге іліп жүр.

Айта кетейік, жарнамаға қатысты өзгерістер мен толықтырулардың бірқатары осы жылы қолданысқа енуі мүмкін.

 

Култанов Байболат