МТРА жаңалықтары

Қаңтардың 10-ы облыс орталығындағы су желісінің бірінде тағы да апат орын алды

Қаңтардың 10-ы
кешкі сағат сегізде Мағжан Жұмабаев және Интернационал көшесінің қиылысында тағы да су құбырынан ақау шықты. Маңайдағы 5 көпқабатты баспана тіршілік көзінсіз қалды. Бірінші кезекте үйінде сәбилері бар тұрғындар қиналуда.

Александр Давыдов – қала тұрғыны:


– Менің ағам да осы маңда тұрады. Үйінде кішкентай баласы бар. Олар қазір сәбидің жаялығын жууға көп су жұмсайды. Апат алған орынға әдейі келдім. “Қызылжар су” компаниясының мамандары шұғыл әрекет етіп жатыр. Бүр-екі күннен кейін үйлерге су жіберіледі деген үміттемін.

Апат орын алған жерде “Қызылжар су” серіктестігінің бірнеше бригадасы жұмылдырылған, 10 бірлік техниканың көмегімен мамандар жер астынан жоғарыға шыққан суды сорып алу шараларын жүргізді.

Сергей Визеров – «Қызылжар су» ЖШС бас инженері:

 

– Аталмыш мәселе бойынша тұрғындар, әзірге даурығып жатқан жоқ. Біз сыртқа кетіп жатқан суды тоқтату үшін желілерді уақытша орталықтандырылған құбырдан ажыратып тастадық. Дәл осы құбырдан қаңтардың бірі ақау шыққан болатын. Біз оны тез арада жөндеуге тырысамыз. Ал тіршілік көзінен уақытша ажыратылған үйлердің тұрғындарына су жеткізіп тұратын болмыз.

Бүгінде аппаттың себебі анықталды. Осыдан 8 жыл бұрын орнатылған су өткізгіш екі құбыр бір-бірінен 10 сантиметрге ажырап кеткен. Су таратушы мекеме ақауды тез арада жойып, қаңтардың 11-і кешке баспаналарға тіршілік көзі беріледі деді.

Риат Шони