Мәдениет

Ожан Қалидың 90 жылдығына орай шығармашылық кеш өтті

Оның талай туындысы жарыққа шыққан. Ожан Амандықұлының өлеңдер жинағынан басқа “Дәуір жаңғырығы”, “Желтоқсан жаңғырығы”, “Эхо времени” деген романдары бар.

Амангельді қажы Кенжегузинов – облыстық ардагерлер кеңесі тұрақты комиссиясының төрағасы:

– Мен өзімше ойлаймын ағам мәңгілік есте қалады. Оның артында 9 кітабы шықты.Оның оныншы кітабы менде.Оны мен аяқтап, балаларына беріп, шығартамыз. Ол кітаптың ішінде осы біздің республика бойынша азаматтардың өмір тарихы жазылған. Оның ішінде Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев, елбасы Н.Ә. Назарбаев, сондай-ақ, қазақ батырларының өмірбаяндары жазылған.Кітап өте жақсы. Болашақта оқушыларға пайдасы болары анық.

Бұл кеште Ожан Қалидың туысқандары, әріптестері, оның шығармаларын сүйіп оқитын жастар жиналған. Мұнда Ожан Амандықұлының өмір жолы жайлы бейнефильм көрсетілді. Сондай-ақ, ақынның өлең-шумақтарынан үзінділер оқылды.

Айбол Қасым – С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының әртісі:

– Ол кісінің өлеңдері үлкендерге де, балаларға бірдей әсер етеді деп ойлаймын. Ол жерде астарлы, мәңді қазбаламайды. Жалпыға бірдей ортақ тілмен жазған. “Ұшқым кеткім келеді” өлеңінде адамның қиялының шексіз екені көрінеді.Адамға қанат бітсе, қандай мүмкіндіктер туатыны туралы айтылады.

Шараға қатысушылар Ожан Қалидың қыл қаламынан шыққан бірқатар суреттерін тамашалап, “Сарабдал қаламгер” атты кітап көрмесімен танысты. Айта кетсек, бүгіндері жерлесіміздің түрлі тақырыпта салған 300-ге жуық суреті сақталған.

 

Тоғжан Ақмағамбетова