МТРА жаңалықтары

Баскетболшы Игорь Нанаевтің ісіне қатысты соттың алғашқы отырысы өтті

Жастары 22-23 тердегі 5 жігіттің бұрын бастары істі болмаған. Қорғаушылары түсіру тобына сотталушыларды камераға тартпауды сұрады. Сот процессі барысында сол түні болған оқиғаны айыптаушы жақ еске түсіріп өтті.

Азамат Жансейітов – СҚО прокуратурасының аға прокуроры:


–  2016 жылдың 3-ші қазанында «Парк сити» түнгі клубының алдында ішімдікке тойып алып, өзара әңгімелесіп тұрған айыпталушы Меңдібаев, Әскеров, Амренова мен Қайыржанованың қасына Александр Антропов келеді. Өзіне таныс екі қызды сөзге тартқан оның бұл қылығы жігіттерге ұнамаған. Содан төбелес басталады.

Оқиғаның кейін қалай өрбігенін сот алдында жауап берген Игорь Нанаевтің досы – Александр Антропов айтып берді.

Александр Антропов – жәбірленуші:

– Мен клубтан темекі шегу үшін шықтым. Кейін далада таныс екі қызды көріп, солармен әңгімелестім. Содан соң, Меңдібаев пен Әскеров елді. Алғашқысы дөрекі түрде, менің құрбыммен неге сөйлесіп тұрсың деп сұрады. Кейін бізден сәл алшақта тұрған Қайбаров әңгімеге араласты. Оған көңіл аудармағандықтан ба ол ашуланып, мені бетімнен бір ұрды. Сосын мен ішке кіріп достарымды шақырдым. Сыртта төбелес басталды. Бір уақытта желкемнен ауыр соққы алып есімнен танып қалдым. Бұдан соң не болғанын білмеймін.

Александр Антропов есінен танып қалғанан кейін барлығы жабылып Игорь Нанаевты ұрып тастаған. Оқиға барысында баскетболшы ауыр соққылар алып, ауруханаға жеткізілген. Бір аптадан соң, Игорь Нанаев ес жимастан ауруханада көз жұмады. Сот процессі барысында Динаш Қайбаров өз кінәсін толығымен мойындап отыр. Ал Бауыржан Макатов бұзақылық жасағанымен ғана келісуде. Жанбатыр Әскеров айыптаушы жақпен келіспесе, Олжас Еламан мен Әділ Меңдібаев жауап беруден бас тартты. Келесі сот отырысы қаңтардың 18-і өтеді.

 

Магжан Ахмадина