МТРА жаңалықтары

ҚР Ұлттық ұланына – 25 жыл

Архат Тәттімбетов – ҚР ҰҰ 6637 әскери бөлімі командирінің орынбасары:

– Ұлттық ұланның әрбір сарбазы еліне абыроймен қызмет ететіндігін мақтан тұтады. Оны солар абыройлы міндет деп санайды.

Күн сайын 300-ден астам сарбаз облысымыздың қоғамдық тыныштығы мен тәртібін қадағалауға кезекшілікке шығады. Сондықтан, олар еліміздің сенімді қалқанына айналған деді әскерилерді төл мерекелерімен құттықтаған облыс әкімінің орынбасары Антон Федяев.

Антон Федяев – СҚО әкімінің орынбасары:

– ҚР Ұлттық ұланы – мемлекетіміздің сенімді тірегі. Құрылған жылдан бастап әскерилер өз міндетін абыройлы атқарып келеді. Жастарды патриоттық тәрбиелеуге де сіздердің сіңіріп жүрген еңбектеріңіз зор. Сондықтан, баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін.

Кейін Антон Федяев облыс әкімінің атынан 6 әскериге Құрмет грамотасы мен алғыс хаттар табыс етті. Марапатталғандардың қатарында Сағандық Алқайдаров та бар. 17 жылын осы салаға арнаған ол бүгінге дейін әскердің келбеті айтарлықтай өзгерді дейді.

Сағындық Алқайдаров – ҚР ҰҰ 6637 әскери бөлімі командирінің орынбасары:

– Мен өзім 1999 жыл осы салаға келдім. Осы уақытта үлкен өзгерістер орын алды. Ұлттық ұланымыз дамыды. Алғыс хатпен марапаттағынына қуаныштымын.

2016 жылы Ұлттық ұланның сарбаздары елімізде орын алған 11 төтенше жағдайдың зардабын жоюға қатысыпты. Бұл жандар жанын шүбірекке түйіп, өзгенің өмірін арашалап қалуға әрдайым даяр тұрады. Биыл ҚР Ұлттық ұланы Әскери институтына да 20 жыл толмақ. Осы жылдар ішінде оқу орнын 3 мыңға жуық сарбаз тәмамдаған. Бүгіндері олар еліміздің барлық өңірлерінде берген сертке адал қызмет етіп жүр. Осы күні ұландықтарды құттықтап, марапаттарын табыстауға түрлі күш құрылымдары, құқық қорғау органдарының өкілдері де келді.

Салтанатты шара соңы концертке ұласты.

Магжан Ахмадина