МТРА жаңалықтары

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары тұрғындарды қабылдады

Ол жетім қалған Мадина есімді немересін 2007-ші жылдан бері өзі өсірген еке. Қазіргі таңда зейнеткер 17 жастағы жасөспіріммен бірге әпкесінің пәтерінде тұрады. Енді ол депутаттардан баспана алу мәселесін шешуге көмек сұрай келген.

Айман Нұрсейітова – зейнеткер:

–  Баспана кезегінде тұрғанымызға 7 жыл болды. Өткен жылдың желтоқсан айында кезекте 161-ші орында тұрдым. Баспананы күткенімізге ұзақ уақыт өтті. Немерем кезекте толық жетім ретінде тұр.

Зейнеткердің базынасын тыңдап болған жоғарғы палата өкілдері мәселе тек заң жүзінде шешілетіндігін жеткізді.

Серік Біләлов – ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

–  Биылдан бастап “Нұрлы жер” деген мемлекеттік бағдарлама жүзеге асады. Оның арқасында баспана кезегі біраз жылжитын болады. Ал қазіргі кезекте біз сізді алға қойып, заңды бұза алмаймыз. Өйткені, онда сіз секілді баспанаға мұқтаж жандар тұр ғой. Бірақ, сұрағыңызды жеке қадағалауымызға аламыз.

Ал қала тұрғыны Әсемгүл Нұрмағанбетова жалғыз өзі үш баланы тәрбиелеуде. Ең үлкені 18-де болса, кішісі 5 жаста екен. Жолдасы оқыс оқиғада қаза тапқан. Нәзік жанды халық қалаулыларынан баспана мәселесін шешуге көмек сұрай келіпті.

Әсемгүл Нұрмағанбетова – қала тұрғыны:

 

– Қазіргі уақытта Жұмысшы кентінде үйді жалдап тұрып жатырмын. Баспана суық. Оның үстіне мектеп пен балабақша алыс орналасқан. Балалардың күтімімен айналысқандықтан жұмыс істемеймін. Жолдасымның қазасынан кейін баспана кезегіне осыдан үш жыл бұрын тұрдым. Әзірге, тізімде 3 мың 291-шімін.

Депутаттар бұл мәселе бойынша қалалық әкімдіктегі құжаттарын қайта қарастыратындықтарын жеткізді. Алайда, мәселе тек заң аясында шешілетіндігін атап өтті. Демек, нәзік жандыға өзгелері секілді өз кезегін күту қажет. Жалпы қазіргі таңда Петропавл қаласында баспана алуға кезекте 13 мыңнан артық адам тұр. Оның 6 мыңнан астамы – әлеуметтік тізімде. Бұл күні Парламенттің жоғарғы палата өкілдерінің қабылдауында 9 теріскейлік болып, сұрақтарына тұшымды жауап ала алды.

Риат Шони