МТРА жаңалықтары

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары “Молпродукт” ЖШС болды

Серіктестік 2015 жылы Ресейге экспортталатын сүт өнімдерінің үлесін арттырған. Сондай-ақ, қоюлатылған айран шығару өндірісін қолға алды. Мұнда барлығы ақ пен шырынның 40-тан астам түрі шығарылады.

Роза Сүлейменова – “Молпродукт” ЖШС директоры:

– Біздің зауыттың бірегейлігі, толығымен автоматандырылған. Бізде сүтпен қатар шырын құятын қондырғылар бар. Келешекте Ресейге айран шырын жөнелтеміз.

Бүгін “Молпродукт” серіктестігіне мәжіліс депутаттары бас сұғып, зауыттың бүгінгі аяқ алысын байқады. Өндіріс ошағы қазір 80%қуатында жұмыс істеп тұр. Мұнда тәулігіне 350 тонна өнім өндіріледі. Кәсіпорын жұмысымен танысқан халық қалаулылары компанияға жақсы бағаларын берді.

Қуаныш Сұлтанов – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Кәсіпорында 200 адам жұмыс істейді. Бұл жақсы көрсеткіш. Өңірдегі өзге кәсіпорындар осы мекемеде үлгі алуы тиіс. Өндіріс қуатын арттырып, қосымша жұмыс орындары құру керек.

Болашақта жергілікті кәсіпорын Қытай нарығына шығуды жоспарлап отыр.

Берік Қасен