Спорт

Петропавлдық “Құлагер” ХК “Алматы” құрамасына есе жіберіп алды

Алайда, бұл біздің хоккейшілерге өз жемісін бермеді. Алматылық қонақтар кездесудің 18-минутында сауатты ойын өрнегін көрсетіп гол соқты. Бұл жерде 9-нөмірлі шабуылшы Кирилл Елагин шеберлігімен танылды. Осыдан соң алғашқы периодта құлагерліктер қанша тырысып баққанымен шайбаны соға алмады. Осылайша, бірінші 20 минуттық өз мәресіне жетті. Ойын 0-1 есебімен аяқталды.

– Осы, міне, бірінші ойында, өкінішке орай “Құлагер” командасы бірінші голды өткізіп алды. Бірақ, екінші ойында жергілікті құрама күштерін жинап, жеңіске жетеді деген ойдамын. “Құлагер”, алға!

–  Олар 1-0 есебімен жеңіліп жатыр. Бірақ, ойлаймын құлагерліктер екінші периодта өз күштерін жинап, “Алматы” командасын жығады деген сенімдемін.

Сонымен, екінші период та әсерлі болды. Тартысты кездесуде хоккейшілер қызбалыққа салынып, жұдырықтасып та үлгерді.

Бұдан кейін ойын ережесін бұзушылар алаңнан қуылды.
Үшінші 20 минуттықта да қос тарап бір-бірінің қақпаларына гол соққылары келгенімен оларынан түк шықпады. Сонымен, үш кезеңнің қорытындысы бойынша есеп 0-1. Жеңіс алматылық құрамаға бұйырды.

Николай Столяренко – “Құлагер” ХК шабуылшысы:

– Шынымен де бастапқыда осалдық таныттық. Үш кезеңде де ұтымды сәттерді пайдалана алмай қалдық. Енді келесі ойынға дейін орын алған қателіктерді ескеріп, өзіміз үшін бір қорытынды шығарамыз.

Енді қос құраманың қарымта ойыны қаңтардың 10-ы күні сағат 19-00-де болмақ.

 

Тоғжан Ақмағамбетова