МТРА жаңалықтары

Петропавлда теріден тігілген тондар көрмесі ашылды

Олардың барлығы түлкі, қоян, ондатр және суыр терілерінен тігілген. Бұл сапалы тауарлар қаламызға Ресейден жеткізіліп отыр. Ішіктердің бағалары әр түрлі. Ең арзаны 100 мың теңге болса, ал ең қымбатының құны 400 мыңға жетеді.

Андрей Шведчиков – “Метелица” сату тобының аға консультанты, РФ:

– Біз Петропавлға осымен 3-ші рет келіп отырмыз. Сіздердің қалаларыңызға жасаған сапарымыз әрқашан сәтті болады. Үнемі тондарымызды тұрғындар сатып алып жатады. Осы жолы 300-ден аса ішік және пальто мен куртканың 200-ге жуық түрін әкелдік. Сондықтан, солтүстікқазақстандықтарға көрмеге келіп, тауарлармен танысуға кеңес беремін.

Міне, көрмеге алғашқы сатып алушы да келді. Қала тұрғыны Роксана Орынбасарова өзіне сай ішік таңдауда. Ол ондатр терісінен тігілген тон киюді қалайды. Нәзік жанды бағасы мен сапасы көңілінен шығып жатса, қалағанын осы жерден сатып алмақ.

Роксана Орынбасарова – қала тұрғыны:

– Көрме өтіп жатқанын естіп, әріптестеріммен келдім. Тондарды асықпай қарап шықтым. Араларында ұнағандары да бар. Сапалары да, бағалары да жақсы. Енді, ертең осында жолдасымды ертіп келіп, тағы да тауарға таңдау жасаймыз. Ұнағанын сатып алам.

Айта кетейік, көрмеге қойылған қысқы сырт киімдер арзандатылған бағамен саудалануда. Мәселен, мұндағы ішіктерге 10 пайыздық жеңілдік бар. Тағы, бұл жерден түрлі аксессуарларды да таба аласыз. Орамал, қолғап, жүннен тоқылған балалар аяқ киімдерінің құны базардағыдан әлдеқайда төмен. Сонымен қатар, көрмеден сатып алған кез келген тауарыңызды ақшасын бөліп төлеуге мүмкіндік бар.

Андрей Шведчиков – “Метелица” сату тобының аға консультанты, РФ:

– Біз алғаш рет киім-кешектерді пайызсыз несиеге сатып жатырмыз. Кейін, тұрғындар тауардың құнын Хоум Кредит банкі арқылы төлей алады. Бұл – адамдарға жасаған тағы бір жеңілдігіміз.

Тағы, көрмеде ер азаматтарға арналған тауар да бар.

Байболат Құлтанов, тілші:

 

– Көрмеден әйелдердің ғана емес, ер адамдарға арналған бас киімдерді де кездестіруге болады. Олар Ресейде жасалған. Бұл малақайлардың бағасы аса қалта қақпайды. Мәселен, мына қоян терісінен тігілген бас киім 10 мың теңге тұрса, суырдыкі 60 мыңның маңайында.

Петропавлда теріден жасалған тондар мен көктем және күз мезігілдеріне арналған сырт киімдердің көрмесі 13-ші қаңтарға дейін өтеді. Жылы әрі әдемі тауарлардың көрмесі Кеншінбаев көшесі, 22 мекен жайында бойынша орналасқан Жастар сарайында ұйымдастырылған.

Байболат Құлтанов