МТРА жаңалықтары

Сот жүйесінде 50 жыл қызмет еткен нәзікжанды

Тамара Дмитриева, сот жүйесінің ардагері:


– 1958 жылы Булаев аудандық халықтық сотына курьер болып жұмысқа орналастым. Сол уақытта 15 жаста едім. Кейін сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы болдым. Зейнетке облыстық соттан шықтым. Қызметім ауыр болды. Опық жеген, қатты қиналған кездерім болды. Әр іс өзінше маңызды. Әйел екендігіме қарамастан дұрыс шешімін іздедім. Осы саланы таңдаған жастарға айтарым, сот қызметкері бірінші кезекте адал болуы керек.

Бүгінгі құрмет-қошеметтің барлығы Тамара Михайловнаға арналған. Туған күнімен үзеңгілес достары мен әріптестері құттықтап, құшақ-құшақ гүл шоқтарын табыстап жатты. Қазір зейнет демалысында отырса да жас мамандарға бағыт-бағдар беруден жалыққан емес.

Ерлан Айтжанов, Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы:

 

– 75 жыл ғұмырыңыздың елу жылын сот жүйесіне арнадыңыз. Зейнетте отырсаңыз да сотпен өзара іс-қимыл кеңесіне төрайымсыз. Ешқашан жұмыстан қол үзіп қалмай, жастарға жол көрсетіп отырасыз. Бүгінгі мерейтойыңызбен құттықтай отыра деніңіздің сау болып, өңір дамуына үлесіңізді қоса беруіңізге тілектеспіз.

Тамара Михайловна өзі де “Облыстық соттың табалдырығын талай тоздырамын” деп әзілдеді. Бойымда күш-қуатым барда сот жүйесі саласында әлі еңбектеніп, дамуына үлес қоса беретінін айтты.

Акбопе Танирберген