Аптадағы маңызды жаңалықтар

Қауіпті коагулянтсыз ауыз су

Суды қанша тазартып ішсек те бұл заттар ағзаға тіршілік көзімен бірге түседі. Ал мұндай элементтер адам денсаулығына кері әсерін тигізетіні сөзсіз. Сондықтан, көршілес Ресей елінің ғалымдары бұл жағдайды бақылауға алып, осыдан 7 жыл бұрын арнайы су тазарту кешенін ойлап тапқан. Бүгінде ресейліктер хлорсыз тіршілік көзін пайдалануда. Енді шетелдік ғалымдардың тәжірибесін біздің елде де қолдану жоспарланған.

Иван Кендюх – «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы СҚОФ төрағасы:

– Бізде 1 текше метр суды тазарту үшін 5 грамм сұйық хлор қолданылады. Ал көктемде оның мөлшерін көбейтеді. Осы жоба арқылы біз хлорды 10 есеге азайтамыз. Сонымен қатар, тіршілік көзін ауыр металдарлан да тазартуға болады. Бұл – үлкен көрсеткіш.

Су тазарту кешенін пайдалануды Қазақстан бойынша алғаш болып Солтүстік өңір қолға алған. Оны М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-гі ғылым департаменті жүзеге асырмақ.

Евгений Кендюх – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ғылым департаментінің директоры:


–  Қазір біздің ғалымдар 4 жобаны әзірлеу үстінде. Суды тазарту кешені – соның 5-шісі. Оған Ғылым Қоры 152 млн теңге бөліп отыр. Негізі бұл жобаны Томск ғалымдары ойлап тапқан. Келер жылы біз тағы 30 жобаны қолға алуды жоспарлап отырмыз.

Суды тазарту үшін арнайы қондырғы қажет. Оны жергілікті Киров зауыты өндіретін болады. Сондай-ақ, ғалымдар «Есіл су» және «Қызылжар су» серіктестіктерімен де келісімге отырған. Енді олар шамамен жарты жыл ішінде тұрғындарды хлор мен ауыр металдардан біршама тазартылған тіршілік көзімен қамтамасыз етпек.

 

Айгерим Ержанова