МТРА жаңалықтары

Өзге дін өкілдері православ сеніміндегі жерлестерімізді Рождество мерекесімен құттықтады

Олар мұндай әр кездесулерде мемлекетіміздегі дінаралық татулықты нығайту мәселесін талқылайды. “Қазіргі күні елімізде халықтар ұстанған діндерді ардақтау – баршамыз үшін парыз” – дейді облыстық “Қызылжар” орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Дүйсенбай.

Кенжетай қажы Дүйсенбай – Облыстық “Қызылжар” орталық мешітінің бас имамы:

 

– Мемлекетіміздегі өзге ұлт өкілдерінің салт-дәстүрін, дінін біз біліп, құрметтеуіміз қажет. Бұл біздің басты міндеттіріміздің бірі.

Кездесу барысында қадірлі қонақтар Петропавл және Булаев епархиясының епископы Владимирге өздерінің әкелген естелік сыйлықтарын да табыс етті.

Өз кезегінде Петропавл және Булаев епархиясының епископы Владимир келген меймандарға алғысын білдірді.

Владимир – Петропавл және Булаев епархиясының епископы:


–  Аса маңызды Рождество мейрамында өзге дін өкілдерінің құттықтауларын қабылдау, әрине қуантады. Қазір біздер татулығы жарасқан елде өмір сүрудеміз. Ұлттар мен ұлыстар арасында алауыздық жоқ. Бұл – әр түрлі дін өкілдерінің өзара түсіністігі мен достығының арқасы.

Рождество мерекесі қаңтардың 19-шы жұлдызына дейін жалғасады. Кейін, православ сеніміндегі христиандар “Крещение” мейрамында мұздай суға түседі.

 

Байболат Құлтанов