МТРА жаңалықтары

Өткен жылы солтүстікқазақстандық 92 ата-ана құқығынан айырылған

Статистикаға сүйенсек, 2015 жылы 74 әке-шеше өз бауыр еті балаларынан шеттетіліпті. Ал, бұл көрсеткіш былтыр шамамен 20 пайызға өскен. Осылайша, 100-ге жуық ұл-қыз қамқорлыққа алу ұйымдарына жіберіліп отыр.

Назгүл Жүнісова – Петропавл қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры:

– Ата-ана құқығынан айырылғандардың дені алимент төлемегенден, ішімдік ішетіндер бар. Тағы, бұл тізімде балаларына мүлде қарамайтын әке-шешелер жетерлік.

Айта кетейік, құқығынан айырылған ата-ана кез келген уақытта баласын қайтарып алу үшін сотқа арыз жаза алады. Былтыр мұндай мүмкіндікті пайдаланған жерлестеріміз де бар. Тек, олардың саны саусақпен санарлық.

Назгүл Жүнісова – Петропавл қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры:

– Былтыр 4 ата-ана құқығын иелену үшін сотқа арыз жазды. Оның тек 3-еуі ғана құқықтарын иеленді.

Бұдан соң да құқығын иеленген ата-ана қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын орган өкілдерінің қарауында болады. Егер де әке-шеше өз мінез-құлқын өзгерпесе онда алты айдан соң қайтадан сотқа ата-аналық құқығынан айыру жөнінде талап-арыз жолданады.

Байболат Құлтанов