МТРА жаңалықтары

Уақытша тіркеуден өтпеген азаматқа 7 АЕК айыппұл салынады

Енді, үй немесе пәтерді жалға беретін адамдар ондағы азаматтарды уақытша тіркеуі міндетті болып отыр. Сонымен қатар, басқа қалаға іс-сапармен немесе қонаққа барған азаматтар да осындай рәсімнен өтуі қажет.

Ержан Қабдөшев – Петропавл қаласы ІІБ көші-қон полициясы бөлімінің аға инспекторы:

– Тіркеуге тұру үшін тұрғындар ХҚКО-на келулері керек. Онда үй иесінің жеке куәлігі және де баспананың құжаттары керек. Сонымен қатар екінші деңгейлі банке баж салығын төлеу керек.

Уақытша тіркеусіз басқа қалада 10 күнге дейін тұруға болады. Ал егер де бұл мерзімнен ұзақ болсаңыз онда міндетті рәсімнен өту қажет.

Егер де заң талабы бұзылған жағдайда бір айдан аса уақыт тіркеусіз тұрған азаматқа 7АЕК айыппұл салынады. Құқықбұзушылық екінші мәрте қайталанса, аталмыш сома 13 АЕК құрайтын болады. Сонымен қатар, пәтерінде тұрып жатқан адамдарды тіркеуге қоймаған жалға берушілер де жазасыз қалмайды. Бұл ретте жеке тұлғаларға – 10, шағын кәсіпкерлерге – 15, ал қонақүй қожайындары сияқты ірі бизнес өкілдеріне 50 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Бұл өзгерістер ағымдағы жылдың 7 қаңтарында күшіне енбек. Бұл жаңашылдықтар әлемде белең алып бара жатқан террористік қауіптің алдын алу мақсатында жасалынып жатыр. Себебі, өткен жылы оразада ойран салған Ақтөбедегі экстремистер пәтерді жалға алып тығылған болатын. Осыған байланысты заңдағы бұндай өзгерістердің орын алуын қала тұрғындары қолдауда.

Ғалым Әлдикенов – қала тұрғыны:


–  Адам әрдайым тіркеуге тұрып жатқанда оның бет-әлпетін, психологиясын жаттап алуға болады. Қауіпсіздік мақсатында қолданылып жатқан шараны мен құптаймын.

Аталған заңға бір ай көлемінде тағы толықтырулар енгізілуі жоспарлануда. Онда жан басына шаққандағы шаршы метр нақтыланады.

 

 

Риат Шони