Аптадағы маңызды жаңалықтар

Солтүстікқазақстандықтар Қарағанды облысына қарасты Шахан кентінің тұрғындарына гуманитарлық көмек жөнелтті

Апаттан баспаның бір бөлігі опырылып түскен болатын. Төтенше жағдай салдарынан 9 адам қаза тапты. Мамандар үйіндінің астынан 32 жастағы ер адам мен 11 жасар қызды құтқарды. Дәл жаңа жылда орын алған бұл оқиға барлық қазақстандықтарды дүр сілкіндірді. Қазір еліміздің әр өңірінен зардап шеккен отбасыларға гуманитарлық көмек жөнелтілуде. Сауабы мол істен теріскейлік жомарт жандар да қалыс қалған жоқ.

Алтынбек Абдуллаев – СҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

– Ауыл шаруашылығы құрылымдар Қарағанды облысында болған оқиғаға қолдан келгенше көмектесіп жатыр.01:04 Біз 2 жарым тоннадай азық-түлік жинадық. Бұл тауарлар Қарағанды облысына жөнелтіледі.

Солтүстікқазақстандық кәсіпорындардың бірі апаттан зардап шеккен отбасыларға сары май мен ет, енді бірі макарон өнімдерін берген. Ал, “Богатырский продукт” серіктестігі 500 келі ұн жөнелтпек.

Анатолий Лукашов – “Богатырский продукт” ЖШС атқарушы директоры:

– 90-шы жылдардың басында Петропавлда дәл Шахан кентіндегідей апат болды. Сонда қаламызда орын алған жағдайға барша қазақстандықтар қайғырды. Алматыдан құтқарушылар келіп көмектесті. Біз мұндай оқиға кезінде міндетті түрде бір-бірімізге көмек қолын созуымыз қажет. Сондықтан, ұжым болып қарағандылық апаттан зардап шеккен отбасыларға жәрдемдестік.

Айта кетейік, гуманитарлық көмекті солтүстікқазақстандық 13 серіктестікпен “Эксим Банк”, балалар кітапханасы және іскер әйелдер кеңесі көрсетті.

 

Байболат Құлтанов