МТРА жаңалықтары

Өңірімізге жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары келді

Біріншісі, ауданның демографиялық ахуалы мен зияткерлік әлеуетіне қатысты болды. Мамлют ауданнындағы мектептерде жақсы оқыған түлектердің көбі Ресейге кетіп жатыр. Ресми мәлімет бойынша, көрші ел қазақстандық студентерге жылда мың грант бөледі. Оған қоса тегін жатақханамен қамтамасыз ететін көрінеді. Осы жеңілдіктерді білген ата-аналар балаларын көрші елде оқытуға қарсы емес.

Аяужан Бектурова – Мамлютка қаласының №1 мектеп-гимназиясы директорының орынбасары:

– Мектепті үздік бітірген оқушыларымыз Ресейдің жоғары оқу орындарына түсіп жатыр. Біз дарынды жастарымыздан айырылып жатырмыз. Олардың біразы оқуларын бітірген соң елге оралғысы келмейтіндерін айтуда. Біздің елде жоғары білімнің ақысы тым жоғары. Кейбір ата-аналардың қалтасы көтермейді. Ал Ресей елінде оқу ақысы Қазақстанға қарағанда екі есе төмен екен.

Сергей Звольский – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Шетелге кеткен жастар болашақта сонда отау құрады. Кейін олардың ата-аналары екі елдің арасында жүріп қиналады. Көтеріп отырған бұл проблемаларыңыз өте өзекті. Біз оны жан-жақты талқылауға салып, бейінді министрлікке жеткіземіз.

Кездесуде көтерілген келесі мәселе де жастарға қатысты болды. Аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Екатерина Богуш Мамлютка қаласында кәсіби-техникалық училище тұрғызылса деген өтінішін білдірді. Біраз, жас тұрмыс жағдайының төмендігінен қалаға барып оқи алмай жүр.

Сергей Звольский – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Біріншіден аудандағы жастардың нақты санын біліп алу қажет. Және солардың қаншасы сол училищеде оқуға дайын екенін ескеру керек. Училище ашпас бұрын жеті рет өлшеп алған жөн.

Осы күні Мәжіліс депутаттары аудан активімен кездесті. Басқосуда заңдағы өзгерістер мен осы жылы жүзеге асырылатын жаңа бағдарламалар туралы хабардар етті. Халық қалаулылары, әсіресе, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға баса ден қою керек деді.

Сергей Звольский – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:


– Халық жылда тұтынатын қанттың 97 пайызы, сүт өнімдерінің 28 пайызы, жарма мен макарон өнімдерінің 85 пайызы импортталады. Бұл дұрыс емес. Біз бүйте берсек елімізде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайтынымыз анық. Сондықтан, жерді тиімді пайдаланып, малдың басын арттырып, бақша дақылдарын көбірек өсіру керек. Елімізде ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылуда. Олар мемлекеттен ақтың әр литрі үшін 15 теңге субсидия алатын болады.

Соңғы жылдары мемлекетімізде салық түсімдері 40 пайызға азайыпты. Осыны айтқан халық қалаулылары шағын және орта бизнесті дамыту шараларын ширатып, тұрғындарға қажырлы еңбек ету керек деді.

Берік Қасен