МТРА жаңалықтары

Жер мен мүлікке салынатын салық жаңаша төленетін болды

Жібек Күлікова – СҚО бойынша мемелекеттік кірістер департаментінің бас маманы:

– Өзгерістер 2017 жылдың бірінші қаңтарынан енгізіліп отыр. Бұған сәйкес жер және мүлікке төленітін қаржы салық органдары арқылы салықтың есептік кезеңнің алдында яғни биылғы жылдың 1-ші шілдесінен кешіктірілмей төленеді. Сондай-ақ, ол салық ағымдағы жылдың 1-ші қазына дейін бюджетке жөнелтіледі.

Мамандардың айтуынша, пәтер иелері өзгерген жағдайда бұрынғыдай салықты қайта есептеу үрдісі жүргізілмейтін болды. Сонымен қатар, үстіміздегі жылы мүлік салығынан босатылатын адамдардың категориясына 3-топтағы мүгедектер енгізілді.

Жібек Күлікова – СҚО бойынша мемелекеттік кірістер департаментінің бас маманы:

– Бұдан бөлек жалпыға бірдей декларациялау бойынша өзгерістер бар. мемлекеттік қызметшілер судьялар, бюджеттік ұйымдардың жұмысшылары өз табыстары жайлы декларацияны 2017 жылдан бастап тапсыруы керек болатын. Алайда ол талап 2020 жылға шегерілді. Яғни аталған санаттағы қызметкерлер жеке табысы туралы декларацияны жеке тұлғалармен бірге 2020 жылы тапсыратын болды.

Айтпақшы, осы жылдан ісін жаңадан бастаған бизнесмендерге жеке кәсібін тіркеу бойынша жеңілдік қарастырылған. Іскер азаматтар бұдан былай жеке кәсіпкер ретінде тұрғылықты мекен жайы бойынша мемлекеттік кірістер органына немесе “Азаматтық үкімет” мемлекеттік корпорациясының филиалында тіркеле алады.

Акбопе Танирберген