МТРА жаңалықтары

Христиан сенімдегілер Рождество мерекесін тойлауға дайындалуда

Людмила Тагильцева:

–  Таңғы жетіде осында келіп, құлшылық етемін. Сочельникте біз әдетте бидай емес, күрішті пісіреміз. Кейін қызыммен діни тақырыпта әңгімелесеміз. Балаларды да әдет-ғұрыпты сақтауға үйретеміз.

Рождество бұл – христиан сенімдегілердің басты мерекесі. Сондықтан шіркеу іші де гүлдермен және шырша талдарымен безендірілмек. Иса пайғамбардың туылған күніне қызу дайындықты солтүстікқазақстандықтарда бастап кеткен.

Владимир – Петропавл және Булаев епархиясының епископы:

–  Бұл күнді барша христиандықтар күтеді. Ал оны алдында олар 40 күн ораза ұстайды. Ол ішкі жан дүниені тазартып, жақсартуға көмектеседі. Адам жаны рахатттанады. Сондықтан мерекеде Вифлеемде жанған жарық әрқайсыларыңызды нұрға бөлесін дегім келеді.

Тағы бұл мерекеде қонаққа барып, сыйлықтар үлестіру қажет. Шіркеуге барып тілек тілеуді де ұмытпаған абзал. Вознесения Господня храмында мерекелік шара 6 қаңтар күні сағат 17:00 де басталады. Ал түн жарымда литургия өткізіледі.

 

Мағжан Ахмадина