МТРА жаңалықтары

Шатыр шетінде қатқан мұз тұрғындарға қауіпті

Бұл ең біріншіден, тұрғындар мен сол маңнан өтетін адамдарға қауіп төндіреді. Баспананың төбесіндегі қарды тазалап, сүңгілерді алу жұмыстарына тұрғындар бөлек ақша жинау қажет екен. Ал бұл шаруаны атқару үшін пәтер иелері кооперативтері арнайы мамандарды жалдау керек дейді Сергей Худяков.

Сергей Худяков – Петропавл қалалық ПИК қауымдастығының төрағасы:


– Шатырдағы қарды түсірумен және сүңгілерді алумен арнайы мамандар айналысқан дұрыс. Мұндай қызметтің сағаты шамамен 7 мың теңге тұрады. Оған қаражатты жинаумен жеке пәтер иелері кооперативтері айналысуы қажет. Бұл мақсатқа Пәтер иелері кооперативінің сметасынан бөлек қаражат қарастырылуы керек. Адамдардың біразы бұл шаруаға тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi жауапты деп санайды. Бұл дұрыс емес. Әркім өз үйіне өзі жауапты.

Мұзды сүңгілер ең алдымен ойын баласына қауіпті. Бірақ, мұны көп тұрғындар түсінгісі келмейді дейді “Рахат үй” ПИК төрайымы Юлия Андроненко.

Юлия Андроненко – “Рахат үй” ПИК төрайымы:

 


– Шатырларға қар жиналғанда мен оны аула сыпырушысына тазалатамын. Менің мұным дұрыс емес екенін білемін. Алайда, амал жоқ. Қар мен сүңгілерді түсіру жұмыстарына тұрғындар артық қаражатын бергісі келмейді.

Осы ретте тұрғындардың ойын білейік деп сұхбат алдық. Көбі қар мен сүңгілерді түсіру жұмыстарына бөлек қаражаттың жиналатынын білмейтін болып шықты.

– Мен ПИК-не сүңгілерді түсіру үшін қаражат беру керек екенін білмеппін. Бұл жұмыстар уақытында атқарылу керек. Сондықтан оған ақша төлеу қажет.

– Әрине, шатырларда қалыптасқан сүңгілер адам өміріне қауіпті. Сол себептен, біз баспана төбесіндегі қар мен қатқан мұзды түсіру жұмыстарына қаражат беру керекпіз. Бұл балалардың қауіпсіздігі үшін керек.

Осы қыста үстіне сүңгі құлап, зақым алу фактілері тіркелген жоқ дейді дәрігерлер. Десе де, қауіп аяқ астынан болатынын да естен шығармаған жөн. Ең дұрысы үйдің шетінен алшақ жүру керек.

Берік Қасен