МТРА жаңалықтары

Қарақшылық пен ұрлық азаймай тұр

Тағы айта кету керек, олардың 80 пайызын жұмыссыздар істейтін көрінеді. Бір қуантарлығы, облыста жасөспірімдермен жасалған қылмыстар саны 42,7 пайызға азайған.

Айнагүл Қазбекова – Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті СҚО бойынша басқармасы бөлім бастығының міндетін атқарушы:


–  Өткен жылы облыста кісі өлтіру – 6,1, зорлау – 44,6, біреудің денсаулығыныа қасақана зақым келтіру 3,3 пайызға азайып отыр. Қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстар саны да 19,4 пайызға қысқарды. Осы ретте айта кету керек, өңірде қарақшылық шабуыл жасау мен ұрлық саны азаймай тұр. Алғашқысы 2015 жылмен салыстырғанда 3,4 пайызға артқан.

Қылмыстар жасалған аймақтарға келер болсақ, олардың 60 пайызы Петропавлда орын алған екен. Ал аудандар бойынша ең көп заңбұзушылықтар Қызылжар, Тайынша, М.Жұмабаев және Ғ.Мүсірепов аудандарында тіркелген.

Марат Ахметов – Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті СҚО бойынша басқармасының бастығы:


–  Басқарма 2016 жылы 267 тексеріс, 2054 салыстыру және 557 сараптама жұмыстарын жүргізді. Олардың басым бөлігі статистикалық деректердің нақтылығын және «Қылмыстық заңбұзушылықтар картасы» интернет-порталының жұмысының дұрыс орындалуын бақылау мен қадағалауға бағытталған болатын. Нәтижесінде 3 мыңға жуық заңбұзушылық анықталды.

Мамандардың айтуынша, жасалған қылмыстар мен заңбұзушылықтар жайлы келіп түскен өтініштерді қадағалау үшін арнайы портал жұмыс істейін көрінеді. Онда интернет арқылы құжаттардың қандай деңгейде қарастырылып жатқандығын, тағы құқық қорғау органдарының жұмысына қатысты пікір қалдыруға да болады. Тағы бүгіндері арызды электронды нұсқада қалдыру мүмкіндігі бар. Сөйтіп, 2016 жылы қылмыстық іздестіру органдарына 8 өтініш түсіпті.

Мағжан Ахмадина