Әр түрлі

Қаңтар айында күн райы құбылмалы болмақ

Татьяна Марьина – “Қазгидромет” АҚ СҚО гидрометеорология филилалының инженер синоптигі:

– Екінші онкүндікте ауа райы құбылмалы болады. Ауа температурасы -15-20, кей жерлерде -2-7 градус аяз болады деп күтілуде. Онкүндіктің соңында сынап бағанысы күндіз -16-21, ал түнде -22-27 градус суықты көрсетпек.

Ал айдың үшінші онкүндігінде сақылдаған сары аяздар болуы ықтимал. Сондай-ақ, кей жерлерде бұрқасынмен қатар батыстан соғатын жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді деп күтілуде.

Айгерім Ержанова, тілші:

 

– Өткен жылмен салыстырғанда биылғы қыс әлдеқайда жылы болады дейді мамандар. Жалпы, тарих беттерін парақтасақ, 1948 жылдың қаңтары жайма-шуақ болыпты. Онда сынап бағанасы +4 градусқа дейін көтерілген. Ал 1940-шы жылдың 13-ші қаңтарында аяз -44 градусқа дейін жеткен.

Биылғы қыс солтүстікқазақстандықтарды өзінің құбылмалығымен әбігерге салды. Кейде күн жылынып, қар жауса, кейде боран соғып, қатты жел тұрады.

–  Әрине, қаңтар айы жылы болғанын қалаймыз. Өйткені біз таза ауаға шығып, дем алғанды ұнатамыз.

–  Қыс мезгілі болғандықтан, күн райы аязды болу керек. Қыс сонысымен қызық қой.

Айгерім Ержанова