МТРА жаңалықтары

Мешін жылы солтүстікқазақстандықтар жоғары наградаға ие болды

Елбасы жерлесіміздің еңбегін ерекше бағалап, мемлекеттік награда “Парасат” орденімен марапттады. Құдайберген Қалиев 50 жыл бойы ауыл шаруашылығы саласында ауыз толтырып айтарлықтай ілкімді істер атқарған. Оған қоса ұлт көшбасшысының өміршең бағдарламаларын жүзеге асыруға атсалысыпты.

Құдайберген Қалиев – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, “Парасат” орденінің игереі, “Құрмет” орденінінің иегері, СҚО құрметті азаматы:

– 2016 жыл есте қалатын болды. Елбасының жарлығымен “Парасат” орденін иелендім. Бұл жалғыз менің ғана емес, менімен бірге болған азаматтардың да еңбегінің жоғары бағаланғаны деп білемін. Мен егемендіктің алғашқы жылдарында ауыл шаруашылығы саласында көптеген еңбек сіңірдім. Бойда күш-қуатым барында қоғамдық жұмыстарға белсінді араласып, ұрпақты тәрбиелеуге үлесімді қосамын.

Берік Қасен