МТРА жаңалықтары

2017 жыл – Тауық жылы

Келер 2017 жыл атауы тауыққа тиесілі. Жұлдызшылардың айтуынша, «адам қай жылы туылса, мінез-құлқы сол жылдың­ егесі саналатын жануардікіне ұқсас келеді». Қораз – мансапқор, көшбасшы, жауапты, бастамашыл келеді. Ал, осы құстың мінезін ботаникалық бақта жыл нышанының сирек кездесетін 15 түрін күтіп баптайтын қызметкерлер сипаттап берді.

Сергей Шишкин – “Қызылжар оранжереясы” МКҚК қызметкері:

– Бізде тауықтың ситцевый, төбелесетін (бойцовый), бентамский, қытайдың жібек тауықтары сынды 15-тен астам түрі өседі. Қайсысын алып қарасақ та, олардың келбетінде және көлемінде айырмашылық бар болса да, мінезі бірдей. Әтештер әрдайым өз жанұясын басқарып отырады, ерте оянады, тәртіпті қадағалап, бақылайды.

Тарихқа үңілсек қораз жылы көбіне қауіп-қатер жиі болып тұрған, халық бейнетті көп шеккен. Ал, мұнымен теріскейлік тұрғындар келіседі ме екен?

Иә, мешін жылы ауыр болды. Бұнымен нумерологтар да келіседі. Қолдарына калькулятор, таза парақ пен қалам алып адамның болашағын болжап беретін жандардың айтуынша келер жылдың саны – 1. Бұл сан бір игіліктің бастауы деп саналады. Бұнымен келіспеуге болмайды, себебі әр тізімнің өзі 1 санынан басталады ғой. Яғни, жоғарыда атап өткен қораздың бір мінезі – бастамашыл деген осыған сәйкес келеді.

Айнұр Мұхамеджанова – нумеролог, Алматы қаласы нумерологтар қоғамдық бірлестігінің мүшесі:

– Жалпы 2017-ші жыл аса қауіпті ауыртпалықтар мен денсаулыққа байланысты проблемалар туғызбайды. Келер жылы түрлі салада, кәсіби тұрғыда, сонымен қатар жеке өмірінде жоспарлағандарын іске асырады. Бұл мерзім отау құруға, мықты әріптестік орнатуға, мансабын жоғарылатуға, түрлі идеяларды іске асырға арналған уақыт болып саналады.

Сол себепті, “алма піс, аузыма түс” деп күтіп жүрмей белсенді қимылдау қажет дейді Айнұр Мұхамеджанова. Дегенмен де жылдың өтуі әр адамның өз жеке санына байланысты. Ал оны мынандай оңай формула арқылы анықтауға болады.

– Для того, чтобы узнать цифру для своего года нужно сложить цифру даты рождения и месяца между собой.

Кейін оған келер жылдың санын қосу қажет. Ол – 1. Кімде мәні 1 саны шықса, оларға барынша белсенді болу қажет. Себебі, олар алдағы 8 жылдық жоспарларын құру мүмкіндігіне ие. Ал екі санына ие болғандардың жеке өмірінде өзгерістер орын алады. Үштерге болса мансабы мен творчествосына үлкен мән беру керек. Ал 4-ті есептеп шығарғандардың өмірі бір қалыпты болмақ.

Айнұр Мұхамеджанова – нумеролог, Алматы қаласы нумерологтар қоғамдық бірлестігінің мүшесі:

– 5 саны ол – келер жылы өзгерістер орын алады деген сөз. Бұл уақытта өз-өзіңді жан-жақты дамыту керек. Ал 6 санының иегерлеріне бұл жылы денсаулықтарына мән берген жөн. Салауатты өмір салтын ұстанып, алдын алу шараларын жасау қажет.

2017-ші жылы 7 саны түсетіндер – өзін-өзі танитындар. Яғни, бір шешім қабылдарда асықпай, өзіңнің ішкі дүниеңді тыңдай білу қажет. Сегіздіктер үшін сын сағат, оларды келер жыл адалдық пен беріктікке тексереді. Ал соңғы, яғни 9 санының иегерлеріне аяқталмаған істерімен айналысуға тура келеді.
Сонымен, 2017 жыл әр адамның өміріне түрлі өзгерістер әкеледі. Ең бастысы, бақыт пен сәттілік сыйласын, қораз жылы барлығымызға табысты болсын деп тілейік.

 

Айсулу Сергали