МТРА жаңалықтары

Жаңажылдық дастархан мәзірі

Ақбөпе Тәңірберген, тілші:


– Жаңа жыл әсіресе балалар тағатсыздана күтетін ғажайып мереке. Алдын ала аяз-атаға хат жазып, Жаңа жыл түні сыйлықтарын шыршаның астынан тауып алады. Олар үшін мерекенің мәні осында. Ал, 21 ғасырдың балғындары сыйлықты аямайтын аталарынан не сұрап жүр?

– Мен аяз атаға хат жазып, коньки, велосипед сұраймын. Маған қуыршақ керек жоқ”

– Я хочу крутой айфон 7.

– Мен аяз атадан компьютер мен робот сұрадым.

Ал, Әлия Белденованың ойынша ең қымбаты – қолдан жасап берген сыйлық. Нәзікжанды мына әдемі қуыршақтарды тігіп саудалайды. Бұл үшін синтепон және капрон керек. Бет жүзін әрлеу үшін бояу қолданылады. Қолда бар түрлі түсті мататалармен безендіріп қоюға болады екен. Шебер бұл өнерді интернеттен үйренген. Әбден машықтанып алғандықтан ба, еш қиындығы жоқ дейді. Дейтұрғанмен әркімнің қолынан келе бермес іс екені анық. Әлия Белденова – Петропавлда мұндай қуыршақтарды жасайтын жалғыз шебер. Жаңа жылға арнап жыл нышаны әтешті де тігіп қойған екен. Оның қолынан туындылары өзінше ерекше, күлкілі болып шығады.

Әлия Белденова, қолөнер шебері:

– Еш қиындығы жоқ. Үйреніп алдым. Өз қиялыма ерк беремін.

Сондай-ақ, бұл күні әр үйде тәтті-дәмдіге толы дастархан жайылады. Дмитрий Великанов 10 жылдық тәжірибесі бар аспаз. Оның айтуынша 2017 жылды қарсы алғанда дастарханда мінедетті түрде құс еті болуы шарт.

Дмитрий Великанов, бас аспаз:


– Бұл үшін бізге қаз керек. Бал, қызыл бұрыш, тұз және соя тұздығы сынды дәмдеуіштерді дайындап аламыз. Ол кез-келген ас үйде бар деп ойлаймын. Кейін қаз етіне мұның барлығын жағамыз.

Қаз етіне алма, лимон және апельсин сынды жемістер ерекше дәм береді. Әбден дайын болғаннан кейін пешке салынды. Ол мұнда 180-200 гр температурада 2 сағат ішінде пісіп шағыды. Ас дайын болғанша, салат әзірлей берсеңіз болады.

Дмитрий Великанов, бас аспаз:


– Көкөніс және цитрус жемісімен микс салат әзірлейміз. Бұл үшін қияр, болгар бұрышы, лимон, қызанақ, мандарин мен зәйтүн майы керек.

Аталғандардың барлығын ірі қылып турап, зәйтүн майымен араластырасыз. Гаранат шырыны, және көк шөптермен әрлесеңіз жеткілікті. Бұл аралықта қаз еті де дайын боды. Дмитрий Великановтың жаңа жылға ұсынар ас мәзірі осындай.

Ақбөпе Тәңірберген