Әр түрлі

Тауық жылы – жарықын түстер сәнде болады

Ақбөпе Тәңірберген, тілші:


-Бір жыл бөгеліп мешін де өтіп барады. Ал, санаулы күндерден кейін төрге озғалы тұрған тауықты қайтіп күтіп алу керек? Қораз – отбасының басшысы, сән-салтанатты сүйеді. Сондықтан да бұл жылды ерекше жарқырап, дастархан басында жанұямен қарсы алған дұрыс. Мереке жақындаған сайын ойы сан-саққа кетіп, дайындық қамына кіріскен нәзікжандыларға біз де көмектескіміз келді.

Жаңа жыл кешіне не киемін? Бұл сұлуларымыздың бірінші мәселесі. “Отты тауық жылы” деп бекерге атпаймыз. Келер жылдың негізгі түстері – алтын түстес сары, қызыл және қызылға жақын реңктер. Қазір қай дүкенге кірсеңіз де көздің жауын алар түрлі көйлектер самсап тұр. Бірақ оны қалай таңдаған жөн. Бұл жерде сізге маман кеңесі көмектеседі.

Юлия Пименова, сатушы-кеңесші:


– Бұл жаңа жыл түнінде қыздар өздеріне жерге дейін төгілген кешкі көйлек кисе болады. Комбинезондар мен пойеткалар сәнде. Тауық жылында велюр маталы киім кию керек. Денені өте әдемі, әрі тартымды көрсетеді. Мынадай жалт-жұлт еткен көйлектер тіпті көзді баурап алады. Таңдағанда ең бірінші биылғы еніп келе жатқан жыл нышанын естен шығармаған жөн. Тауық жылында сұр, қара түсті, тым жабық киімдерді киюге кеңес бермес едім.

Ал, шаш үлгісіне келер болсақ – оны бұйралау ешқашан сәннен кеткен емес. Бүгін сұлулық салонына келген Алина Әубәкірова осыны ескергенге ұқсайды. Жаңа жылда әр әйелдің ерекше әдемі болғысы келетіні анық.

Наталья Орлова, шаш үлгісі бойынша шебер:


– Қыздар әсіресе шашты жайып, бұйралап қойғанды ұнатады. Толқынды шаштарды иыққа түсіріп қойса да әдемі. Қысқа шашты қыздар биік етіп жинайды. 2017 жылы көлемді шаш үлгілері сәнде. Егер шашыңыз қатты әрі ұзын болмаса бір жарым сағат жұмсаймыз. Клиент келгенде бетінің формасына, киетін киіміне және маңдайына қараймыз. Қаншалықты жарасатынын осылайша анықтаймыз.

Тауық жылы өзінің түрлі – түсті қауырсындары секілді ашық реңктерге толы болмақ. Бетіңізді әрлегенде бұл жайында да ұмытпаған жөн. Алина Әубәкірова шашын жасатып, визажисттің стөліне отырды.

Елена Гусельникова, визажист:


– Қыздар жарқын түстерді қалап тұрады. Біз қазір споки айс макияжын таңдадық. Мұнда тек ашық түстер пайдаланылады. Ерінді де қызыл етіп, көзге де осымен үндедесетін бояулар жағылады. Беттегі әр кемшілікті жасырамыз. Биыл нәзік, жеңіл макияждар сәнде болды. Келер жылы керісінше. Мәселен көзде – күлгін, жасыл, қызыл түстерді қолданған дұрыс.

Жарқын реңкті жылтыр көйлек киіп, шашты сәндеп, бетті де ашық қылып әрлеу. Тек жарық түстерге басымдық берсеңіз болды. Келер жылдың сән үлгісі – осындай. Мұны ескерген әр нәзікжандының жаңа жылда құлпырып жүрері сөзсіз.

Ақбөпе Тәңірберген