Өңір прокурорлары 2016 жылды қорытындылады

МТРА жаңалықтары

14:47 29 Желтоксан 2016

Ағымдағы жылы қадағалаушы орган өкілдері 500-ге жуық тексеріс жүргізіп, 4800-ден астам заң бұзушылықты анықтаған. Сондай-ақ, жыл басынан олар 15400 азаматтың конституциялық құқығын қорғапты.

Виктор Найда – СҚО прокурорының көмекшісі:


–  Биыл біз 1185 прокурорлық қадағалау актісін енгіздік. 784 тұлғаны тәртіптік, 1321 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тарттық. Сонымен қатар, ағымдағы жылы 52,6 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл өндіріліп алынды. Және біздің араласуымызбен сомасы 1,2 млрд теңге болатын мемлекеттің материалдық мүддесі қорғалды.

Ағымдағы жылы өңірде табиғатты қорғау заңнамасын бұзғандар да кездескен. Мәселен, биыл облыс аумағында бей-берекет жағдайдағы 44 апаттық қоқыс орны жойылды. Сонымен қатар, Есіл өзенін ластау фактілері де тіркеліп, жер қойнауындағы пайдалы қазбаларды өз бетінше заңсыз өндіргендер анықталды.

Жаслан Смағұлов – СҚО мамандандырылған табиғатты қорғау прокуроры:

– Ағымдағы жылы мұндай 10 факті анықталды. Оның 4-уі заңды тұлғаларға қатысты. Бұл азаматтардан 8 млн теңге көлемінде айппұл өндіріліп алынды. Олар заңсыз құм мен қиыршық тастар алған. Мұндай жағдайлар Ғабит Мүсірепов, Шал ақын, Айыртау аудандары мен Петропавл маңында орын алды.

Еске сала кетейік, табиғатты қорғау заңнамасын бұзғандарға 50-ден 100 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады.

Айгерим Ержанова