Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов Жаңа жыл қарсаңында БАҚ өкілдеріне сұхбат берді

Бұл сома қай бағыттағы жолдарды қалыпқа келтіруге бағытталады? Теріскейде өсірілген алтын астық қай елдерге экспортталмақ? Осы және өзге де сауалдарға облыс әкімі Ерік Сұлтанов жауап берді. 2016 жыл аяқталып келеді. Сондықтан жыл бойында өңірде атқарылған жұмыстарды қортындылайтын кез келді. Осы жолы жергілікті БАҚ журналистеріне сұхбат берген өңір жетекшісі бар саланы қамтып өтті.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі:

–  Жыл сайын жолдарды жөндеуге қыруар қаржы бөлінеді. Келесі жылы біз 9,5 млрд теңге жұмсамақпыз. Жалпы жаңа әдістің арқасында біз қазір екі есе көп жолдар жөндеп келеміз. Осылай жалғаса берсе, біздер нашар жолдардың сапасын 5-6 жылда дұрыстайтын боламыз.

Магжан Ахмадина