МТРА жаңалықтары

2016 жылы “Блок” ЖШС өндіріс көлемін бірден 47 пайызға арттырды

Анатолий Сысоев – «Блок» ЖШС директоры:


– Біздің кәсіпорында электроқшаулағыш материалдардың 17 түрі шығарылады:

Сапасы өте жоғары. Қазіргі таңда Ресейдің бірнеше қалаларында біздің өнім кеңінен пайдаланылады. Мешін жылы «БЛОК» серіктестігі үшін жемісті болды. Өндіріс көлемі бірден 47 %-ға артып, бір жылдың ішінде кәсіпорынға жарты млрд теңгенің кірісі түсті. Сондай-ақ биыл қызметкерлердің жалақысы 12%-ға жоғарылады. Қазір компанияда 87 адам еңбек етеді. Олардың орташа айлығы 112 мың теңгенің маңайында.

Бұған қоса кәсіпорын соңғы 9 жылда тұрмыста және өндіріске қажетті гидрооқшаулағыш “Ризолин” материалының 16 түрін шығарып жүр. Оған да соңғы жылдары сұраныс жоғарылап, мұндағылар биыл жазда соған арнап қосымша цех ашыпты. Жаңа желінің іске қосылуы тағы 7 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Мұндағы қондырғылардың барлығын мамандар өз күштерімен құрастырған. Жаңа цехты жабдықтау үшін компания 20 млн теңге жұмсапты.

Анатолий Сысоев – «Блок» ЖШС директоры:

 

– Өзімізде шығарылатын “Ризолин”-нің 90 пайызын өзге өңірлерге жөнелтеміз,
қалғаны Ресейге экспортталады. Ризолин су мен ультракүлгін сәулесін өткізбейтін қасиетке ие. Оны көбінесе үйдің төбесі мен іргетасының арасына салады. Тіпті ол материалды едендегі кафелдің астына да төсеуге болады. Бүгінде мемлекет отандық тауар өндірушілерге үлкен қолдау көрсетуде. Біз “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қорынан жыл сайын 100 млн теңге несие алып, берешекті жылдық 6 пайыздық мөлшерлемесімен қайтарамыз. Бұл үлкен жеңілдік.

«Блок» серіктестігі жылына 1 млн шаршы метр материал шығарады. Осылайша, олар ел нарығының 30 пайызын электр және гидро оқшаулағыш бұйымдармен қамтамасыз етіп отыр.

Берік Қасен