МТРА жаңалықтары

Жаңа жылдан бастап заңнамаға өзгерістер енгізілмек

Бейбіт Қазбеков – СҚО әділет департаментінің бөлім басшысы:

– Зияткерлік меншік нысандары бірдеңгейлі тіркеу жүйесін құрмақ. Тағы істі сотқа дейін жеткізбеу үшін дауды шешу, тауарлық белгіні заңсыз қолданатындар енді меншік иелеріне өтемақы төлейтін болады. Оның құны 500 айлық есептік көрсеткіштен 10 мың айлық есептік көрсеткішке дейін артпақ. Келісімшарттарды тіркеу мерзімі қысқартылады.

Жыл басынан зияткерлік меншік заңнамасын сақтау бойынша 11 тексеріс жүргізіліп, сонша заңбұзушылық анықталған. Оларға жарты млн теңгеге жуық айыппұл салыныпты. Тағы брифинг барысында жеке сот орындаушыларының жұмысы туралы да айтылды. Осыған дейін мемлекеттік сот орындаушылардың саны 30 пайызға қысқартылған болатын.

Айжан Бимақанова – СҚО әділет департаментінің бөлім басшысы:

– 2016 жылы жеке сот орындаушыларына 64 мыңнан астам атқарушы құжаттар түскен. Ал мемлекеттік сот орындаушыларда олардың саны 38 мыңнан асып жығылды. Алғашқыларына өндіріп алынған сомадан белгілі бір пайыз тиесілі. Сондықтан, олар істі тезірек аяқтауға ниетті болады. Жеке сот орындаушылары мемлекеттік сот орындаушылары атқарған жұмыстардың барлығын жасай алады, құзыреттеріне тек әкімшілік хаттамалар толтыру ғана кірмейді.

Жалпы бүгіндері өңірде 46 жеке сот орындаушысы бар. Олардың 26-сы облыс орталығында жұмыс істейді.

 

Магжан Ахмадина