Қылмыс

СҚО кәсіпкерлер палатасы 11 айды қорытындылады

Тұрар Ысқақов – СҚО кәсіпкерлер палатасының директоры:

– Кәсіпкерлік субъектілерін қорғау мақсатында түрлі органдармен барлығы 37 меморандум жасалды. Бүгінде облысымызда жиі көтерілетін 400 сұрақ жіті назарға алынды. 23 әкімшілік кедергі анықталып, оның 16-сы оң шешімін тапты.

Аймақтық кәсіпкерлер палатасы бизнесмендердің мүддесін қоғап қана қоймай, сонымен қатар оларға оқыту курстарын өткізіп, істерін дамытуға септеседі.

Марат Ысқақов, СҚО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары:

– Биыл 5 мыңға жуық бизнесменге 11 мыңнан астам консультация берілді. “Бизнес-мектеп” жобасы аясында 1,5 мың тыңдаушы қысқа мерзімдік курстан өтті. Соның 31-і – мүгедек. Олардың тең жартысы кәсібін жаңадан ашты.

Жиында өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің жұмысы қорытындыланды. Биыл индустриаландыру картасына 41 жоба енген. Соның жартысына жуығы аудандарда жүзеге асырылуда.

Берік Қасен