Балалар

“Көктем” балалар-жасөспірімдер клубының тәрбиеленушілері “В гостях у Маши” ертігісін ұсынды

Лариса Калтушкина – “Көктем” балалар-жасөспірімдер клубының ұйымдастырушы-педагогы:

– Біз балалардың қандай мультфильмдер мен ертегілерге қызығушылығы бар екенін байқап, осы қойылымды дайындадық. Бұған ән-би ұжымдары тартылды. Бүгін мұнда 5 клубтың балалары келіп, мерекені тойлауға атсалысуда.

Балалардың мерекелік костюмдері әр түрлі. Бірі – көбелек болып киінсе, енді бірі – қоян. Аталған клубтың тәрбиеленушісі Әйгерім Оразбекова жағымсыз кейіпкердің образын таңдаған екен. Бұл киімді ол анасымен бірге әзірлепті.

Әйгерім Оразбекова – “Көктем” балалар-жасөспірімдер клубының тәрбиеленушісі:

– Біз бұл ертегіде жын-шайтандардың биін билейміз. Костюмдарымыз да соған сай етіліп тігілген.

Ертегі желісі бойынша Маша өзінің досы Мишканы іздейді. Екеуі бірігіп шыршаны безендіреді. Кенеттен Аяз атаны кезіктіреді, бірақ өкінішке қарай Жаңа жылдың басты кейіпкері ауырып қалады. Амал жоқ, олар Аяз атаны дәрі-дәрмекпен емдеуге кіріседі. Ал осы уақытта орман ішіндегі қу түлкі мен қатыгез қасқыр мерекенің шырқын бұзбақ болады.

Олардың қитұрқы әрекеттерін іске аспайды. Ертегідегі мейірімді кейіпкерлердің арқасында Аяз ата тез сауығып, бәрімен бірге Жаңа жылды қарсы алады.Тетрландырылған көрініс соңында балалар шыршаны айнала ән салып, сыйлықтарға қарық болды.

 

Риат Шони