Спорт

Петропавлда еркін күрестен облыстық жарыс өтті

Айбар Әбілқасов – жарысқа қатысушы, Петропавл қаласы:

– Қарсыласымды әлсіз деп айта алмаймын. Мықты. Өз шеберлігін көрсетті. 3 ойынды өткіздім. Барлық қарсыластарымды жеңдім. Енді финалда ада жеңісті қанжығама байлаймын деп ойлаймын.

Жалпы шараға өңірдің 8 ауданы мен Петропавл қаласынан 50-ге жуық спортшы қатысуда. Палуандар 50 мен 97 келі салмақ дәрежесінде күш сынасады.

Смағұл Аманов – облыстың еркін күрестен аға жаттықтырушысы:

– Біздің ең бірінші мақсатымыз келесі жылы біз республикалық жарыстарға барамыз, бүгін іріктеу жарыс деуге болады. Біз соларды таңдап, облыс құрамасын дайндаймыз.

Сайыс соңында жеңімпаздар медаль және мақтау қағаздарымен марапатталады.

 

Тогжан Акмагамбетова