МТРА жаңалықтары

Өңір аумағында желтоқсанның 31-і күн ауа райы жылы болады

Жаңа жыл жақындаған сайын орталық алаңға жиылған халықтың қарасы қалың. Әсіресе, таза ауа жұтып балаларын сырғанақ тебуге әкелген ата-аналар көп. Олар мерекеде ауа райының жылы болғанын қалайды.

– Желтоқсан айы суық болды. Жаңа жыл күн жылы болғаны жақсы. Отбасымызбен серуендейміз.

– Жаңа жыл күні әрине жылы болғаны жақсы. Шамалап қар жауса да болад.

Жаңа жылда синоптик мамандар ауа райы оң қабақ танытады деп отыр. 31 желтоқсан күні өңір аумағының кей жерлерінде аздаған қар жауады. Желдің де жылдамдығы күшті болмайды. Ал, қаңтардың 1 және 2-ші жұлдызында ауа райы, тіпті жылына түседі. Бұл күндері сынап бағанасы -7 градус шамасында болады.

Татьяна Марьина – СҚО гидрометеорология орталығының инженер-синоптигі:

– 31 желтоқсан күні жел оңтүстік-батыстан соқпақ. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы минус 8-13 градус болады. Кей жерлерде, тіпті сынап бағанасы минус 6-11 градусты көрсетеді.

Айта кетейік, өткен жылдың 31-ші желтоқсан күні қыс өзінің қаһарын танытқан еді. Дәл мерекеде өңір аумағында аяз күшейіп, сынап бағанасы күндіз -30, ал түнде -35 градусқа дейін төмендеген болатын.

 

Култанов Байболат