Балалар

Биылдан бастап СҚО-да “Азаматтық бақылау” жобасы жүзеге асырылуда

Ғалым Тұрсынбаев – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің басшысы:

-“Азаматтық бақылау” жобасы аясында біз «Жас Отан» ЖҚ-мен бірігіп бірнеше шаралар өткіздік. Онда тұрғындармен кездесіп, пікір алмастық. Осылайша, қоғамда көп талқыланатын мәселелерді білдік. Азаматтар көбінесе әлеуметтік салалардағы проблемаларды жиі көтереді. Біздің облыс “Азаматтық бақылау” жобасын жүзеге асыру бойынша республикада алдыңғы орында келеді.

“Азаматтық бақылау” жобасы аясында өңір аудандарында қоғамдық қабылдаулар өткізіліпті. Сондай-ақ, азаматтар өтініштерін «Жас Отан» ЖҚ әлеуметтік желілеріндегі парақшаларына жолдай алады.

Мұса Танақұлов – «Жас Отан» ЖҚ СҚОФ төрағасы:

– Биыл «Жас Отан» ЖҚ интернет кеңістігіне 92 материал жариялады. Дені жемқорлық індетінің алдын алуға қатысты. Бұдан өзге біз жергілікті телеарналар мен мерзіміді басылым беттерінде “Азаматтық бақылау” жобасының негізгі міндеттерін түсіндіріп жүрміз.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті келесі жылы көршілес аймақтардағы әріптестерімен бірлескен отырыстар өткізбекші. Онда жемқорлыққа қарсы алдын алу механизмдерін жетілдіру жағы қарастырылмақ.

Берік Қасен