МТРА жаңалықтары

Петропавлда солтүстікқазақстандық немістер жайлы жазылған кітаптың тұсауы кесілді

Бұл туындыны басып шығару үшін ол тіпті, шекара асып, Ресейдің Мәскеу және Омбы қалаларындағы архивтерді ақтарған. Дегенмен, автордың еңбегі зая кетпеді. Екі жыл бойы ізденіп, зерттеп жазғаны жақында жарыққа шықты.

Александр Мерк – «Сага о североказахстанских немцах» кітабының авторы:


–  Бұл туынды арқылы мен өзімнің халқымның тарихын, қандастарымның бастан кешіргенін жеткізгім келді. Кітап жазу барысында қиындықтар да кездесті. Әсіресе, немістер жайлы деректер табу қиынға соқты. Өйткені революцияға дейінгі кезеңде Колчак біздің халық жайлы барлық ақпаратта өртеп жіберген. Сондықтан басқа елге барып, көп еңбектенуге тура келді.

Кітап 383 беттен тұрады. Мұнда қазақ жерін осыдан екі ғасыр бұрын мекен етіп келген неміс халқы мен олардың бастан кешкен оқиғалары жазылған. Сонымен қатар, бұл еңбектен ұлттың тарихын, мәдениетін де аңғаруға болады.

Темірғали Әбілмәжінов – Білім саласын қадағалау департаментінің басшысы:

 

– Бұл кітап жастарға қажет. Өйткені олар туған жерлерінің тарихын білулері керек. Бұл еңбекте елімізге қанша неміс ұлты келіп, қаншасы облысымызға тұрақтағаны жазылған.

«Сага о североказахстанских немцах» атты кітабы 500 данамен басылыпты. Алдағы уақытта туынды авторы еңбектің келесі бөлімдерін де жақырыққа шығармақ ниетте.

Айгерим Ержанова