Балалар

Петропавлда қала әкімінің жаңа жылдық шыршасы өтті

Марат Тасмағанбетов – Петропавл қаласының әкімі:

– Сіздерді Жаңа жылмен құттықтаймын. Сабақтарыңызды жақсы оқыңыздар! Денсаулықтарыңыз мықты болсын.

Бұдан соң, Жаңа жылдың басты көркі – шырша жағылды. Жарық диотты шамдар айналаға сән беріп, мерекенің ажарын аша түсті.

Мерекелік кешке келген балғындардың көңілдері көтерінкі. Олар шыршаны айналып, Аяз ата және Ақшақармен бірге ән шырқады. Жеткіншектер түрлі ертегі және мультфильм кейіпкерлерінің костюмдерін киіпті. Балалардың бірі – “Супермэн”, енді бірі “Тазша бала”-ның образын таңдапты. Тіпті, “Алтын адамды” да осы маңнан кездестіруге болады.

Әміржан Мұхамединов – №2 орта мектептің 5-ші сынып оқушысы:

– Алтын адамның” киімін маған анам тігіп берді. Өзіме қатты ұнайды.

Ерсұлтан Оспанов – Қазақ мектеп гимназиясының 5-ші сынып оқушысы:

– Супермэн” – өте жақсы кейіпкер. Ол жақсыларға үнемі көрсетіп жүреді.

Жалпы, бүгінгі кешке қала мектептерінің 100-ден аса оқушысы қатысуда.

Гүлден Ақмағанбетова – Петропав қалалық білім бөлімінің әдіскері

– Балаларды қала мектептерінен іріктеп алдық. Бұл балғындар оқуда озат жеткіншектер мен әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасылардың балалары, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған мектеп-интернатының тәрбиеленушілері.

Кеш соңында балаларға қала әкімі Марат Тасмағанбетовтың атынан жұмсақ ойыншықтар табысталды.

 

Култанов Байболат