МТРА жаңалықтары

ҚР ҰҰ Әскери институтында жаңадан “ҚХА” кафедрасы ашылды

Анатолий Башмаков – Л.Н Гумилев атындағы ЕҰУ «ҚХА» кафедрасының меңгерушісі, Астана қаласы:

– Бұл еліміз бойынша барлық әскери білім ордаларының ішінде ашылған алғашқы кафедра. Дәл осындай бөлімнің әскери оқу орнында болуы өте маңызды. Өйткені, бұл кафедрада болашақ офицерлердің бойында отансүйгіштік сезімін оятып, өзге ұлт өкілдерін татулық пен достастыққа баулиды.

Бұл елімізде ЖОО-нда құрылған осымен 30-шы кафедра. Енді мұнда тарихшы, мәдениет және дінтанушы сынды білікті он маман курсанттарға сабақ беретін болады.

Жұмабек Ахметов – ҚР ҰҰ Әскери институтының бастығы:
–  Енді ашылған жаңа кафедрада өзге ұлттардың тарихын, мәдениетін, тілі мен дінін жақсы білетін филолог мамандар сабақ береді. Олар курсанттарды өзге мемлекеттердің саясатымен, этникалық құрылымымен, жалпы тыныс-тіршілігімен таныстырады. Бұл – болашақ офицерлер үшін өте маңызды.

«ҚХА» кафедрасының ашылуына орай, институт курсанттары арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

Шара соңында Л.Н Гумилев атындағы ЕҰУ «ҚХА» кафедрасының меңгерушісі Анатолий Башмаков Әскери институттың басшылығына ҚХА жайлы бірнеше кітап табыстап, алдағы жұмыстиарына сәттілік тіледі.

 

Айгерім Ержанова