МТРА жаңалықтары

“Нұр Отан” партиясы СҚОФ төрағасы Ерік Сұлтанов тұрғындарды қабылдады

Өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов аталмыш нысанды қаланың балансына беріп, қайта қалыпқа келтіру үшін инвестор тартуға көмектесетіндігін айтты. Ал Қызылжар ауданына қарасты Асанова селосының тұрғыны Татьяна Ратушная Петропавл-Иссык-Куль бағытында жүретін электр пойызы жұмысын қайта жандандырса деген өтінішін білдірді. Булаево қаласы мен Қарақоға селосының тұрғындары күнде сол электричкамен Петропавл қаласына қатынайды. Жауапты ведомсвто осы мәселені бүгінде қарастыруда.
Осы күні аймақ басышының қабылдауында қала тұрғындары да болды. Зейнеш Қыдыбекова Семашко көшесінде тұрады. Кейуана үйінің жер төлесін су басатындығын айтып, әкімдіктегілерден көмек сұрады.

Зейнеш Қыдыбекова – зейнеткер, Семашко көшесі 11 “А” үйдің тұрғыны:

– Үйдің маңындағы септик суға толып кетеді. Менің үйімді орталықтандырылған кәріздік желіге қоссаңызда.

Ерік Сұлтанов -“Нұр Отан” партиясы СҚОФ төрағасы, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

– Бұл жұмысты қала әкімі Марат Тасмағанбетовке тапсырамын. Үйдің маңайына балшық төсеп, қажетті шаруаны жасаңыздар.

Мустариза Оспанов үйінде мүгедек баласын бағып отыр.

Мустариза Оспанов -қала тұрғыны:


– Баламның аяғына велотренажер керек. Ол шамамен 160 мың теңге тұрады.

Айтуынша, баласына велотренажер мен алюминийден жасалған тасымалданатын пандус қажет. Аймақ басшысы құрылғыларды алып беру жағын ойластырамыз деді. Осы күні “Нұр Отан” партиясы СҚОФ төрағасы Ерік Сұлтанов барлығы 6 адамды қабылдады.

Берік Қасен