МТРА жаңалықтары

СҚО ІІД жанындағы консультативтік-кеңес органының қорытынды жиыны өтті

Екі ел азаматтығына қатысты да фактілер орын алыпты. Мұндай 530 оқиға тіркеліп, 80 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Кейін Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Дәурен Қазбеков те есеп берді. Айтуынша, 2016 жылы былтырғыға қарағанда жол-көлік оқиғалары 34 фактіге кеміген.

Даурен Казбеков, СҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасының бастығы:

-11 айдың қорытындысы бойынша 204 ЖКО тіркелді. Салдарынан 36 адам көз жұмып, 261 кісі жарақат алды. Былтырғы жылдың сәйкес мерізімімен салыстырғанда үш көрсеткіш бойынша да төмендеу байқалады. Жол көлік оқиғасы – 14,3, жолдағы кісі өлімі – 12,2, жарақат алушылар саны 8,4 пайызға азайған.

 

Акбопе Танирберген