Құқық қорғау органдары

Петропавлда қайырымдылық жәшігін қолды қылған ұры құрықталды

Дархан Зияфиддин – Петропавл қ. ІІБ криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы:

– Жүргізілген жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Бескөл ауылының 18 жастағы тұрғыны құрықталды. Қазіргі таңда күдікті өзінің кінәсін толығымен мойындап отыр. Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 188 бабы 1 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Полицейлер ұрыны 10 күн ішінде тауыпты. Күдікті петропавлдық азамат болмағандықтан, ізіне түсу оңай болмаған. Айтуынша, жәшіктің ішінде болған 2 500 теңгені бірден өз қажетіне жаратып үлгерген.

Күдікті:

– Я сначала не хотел его брать, потом закрыл глаза, резко подошел, взял и вышел

– Совесть не замучила?

– Замучила.

– Ну, эти две с половиной тысячи ты мог ведь сам заработать, почему не работаешь? Зачем тебе эти деньги вообще нужны были?

– На проезд. Купил сигареты, сок, печенье  Сел на автобус и поехал домой.

Қазіргі таңда аталмыш факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұры 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал, әзірге қаладан ешқайда шықпау туралы қолхатпен уақытша бостандықта жүр.

 

Акбопе Танирберген